воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Шымкенттік полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері мен қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшылары экстремизм қаупін алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Атап айтқанда, мамандар қаладағы ұсталған телефондар сатумен аты шыққан «Гарант» дүкені мен ескі аэровокзал ғимаратында болып, ұялы телефон сатып жүрген жастарға діни радикализмнің залалы туралы айтты.

Осы ретте айта кету керек, осынау кәсіппен негізінен дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын жас азаматтар жиі айналысады. Солардың бірі кеше ғана Алматыда теракт жасады деп айыпталған – Руслан Күлекбаев. Ол дәл осы Шымкент қаласында ұрланған және ұсталған телефондарды сатып, біраз уақыт кәсіп еткен.

«18 шілде күні бес адамды атып өлтірген Руслан Күлекбаев ислам атын жамылған радикалды ағымдардың бірін ұстанған. Ол бұрынғы аэровокзал ғимаратында ескі телефондарды сатумен айналысқан. Мұндай телефондардың ішін олар діни уағыздармен толтырып тастайды. Бұл да адам санасын улаудың бір жолы. Телефонды сатып алған адам міндетті түрде оның ішінде не бар екенін тексеріп көреді ғой...», — дейді Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірбек.

Оның айтуынша, осы орайда шымкенттік полицейлер қалада қылмыскершілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасымен тәртіп сақшылары ұсталған ескі телефон сататын жастарды жіті бақылауға көшкен. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экстремизмнің қаншалықты қауіпті екені айтылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0