Қазығұртта жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесулер өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында діни жат ағымдардың алдын алу үшін жергілікті тұрғындармен, оның ішінде жастармен кездесулер болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Теолог-мамандардан, ғалымдардан және имам-молдалардан тұратын ақпараттық топ жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зиянын түсіндірді.
Қазығұрт ауданының бас имамы Е.Полатов пен «Молалы» мешітінің имамы М.Исхақов және ақпараттық топтың өзге өкілдері С.Рахимов, Жіберген, Қарабау ауылдарында болып, әкімдік қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен және жастармен кездесті. Осы кездесулер барысында спикерлер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соғады» деген сөзін негізге алып, дін және дәстүр сабақтастығы аясында баяндама жасап, түрлі әңгімелер өрбіді.
Айта кетейік, дәл осындай ақпараттық топ бүгінде еліміздің барлық аймағында жұмыс істеп жатыр. Басты мақсат – халықтың діни сауатын ашып, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу. Мұндай алдын алу шаралары кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін қолға алынып отыр.
Естеріңізге салайық, биыл мамыр мен маусым айларында салафизм діни ағымының өкілдері алдымен Ақтөбеде теракт жасап, 7 адамды атып өлтірсе, артынша Алматыда дәл осындай жағдай қайталанды. Елімізде бүгінгі таңда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.
Жалпы, жергілікті имам-молдалардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты. Облыс аумағында барлығы 3 мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген көрінеді. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мешіт молдаларымен бірге әкімдік жанындағы дін істері басқармалары түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Әсіресе жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер және семинарлар өткізу жұмыстары жолға қойылған.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Продавщица-фокусница в Шымкенте обманула клиента и попала на видео26.01.2023, 18:02
-
10:41Муфтият на пожертвованные деньги хочет построить общежитие студентам10:28Туберкулез атакует шымкентских школьников10:15В 45 лет скоропостижно скончалась новоизбранный сенатор10:09Уят долой, или Откровенно о ВИЧ-инфицированных в Астане09:56Талдыкорганец устраивал собеседования для наркоторговцев в Сети09:42Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности09:28Почти 1,8 тыс казахстанцев лечатся от КВИ09:13Почем продают доллар в обменниках РК перед выходными08:50Фильмы о Гарри Поттере исчезнут из российских онлайн-кинотеатров08:05Таксистов в Казахстане массово штрафуют за назойливое приставание в общественных местах07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января05:28Врачи Алматы выходили новорожденного весом 510 грамм03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области