вторник, 22 октября 2024 г.
icon
481.68
icon
522.48
icon
5
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
×

Шымкенттің діни ахуалы талқыланды

Шымкенттің Қаратау аудандық әкімдігінде жиналған имам-молдалар мен әкімдік қызметкерлері қаланың діни ахуалын талқылап, проблемалық мәселелердің шешімін іздеді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жиынға облыс имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Исамиддин Мұхиддинұлы, Қаратау ауданы орталық «Байғұт баба» мешітінің имамы Қанатбек Кенжебеков және әкімдіктің жауапты қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында имамдардың білім жетілдіру мәселелері, кереғар ағымдардың алын алу және жоғары және орта арнаулы оқу орындарында діни экстремизммен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша кездесулер өткізу жәйі талқыланды.

Жалпы, ақпараттық-насихат жұмыстарына әкімдік тарапынан үлкен қолдау білдіріліп отырғандығын атап өту керек.

Естеріңізге салайық, Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық өңірінде діни ақпараттық-насихат тобы құрылып, халықпен кездесулер өткізіп жүр. Мұндағы басты мақсат – халықтың діни сауатын ашып, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу.

Ақпараттық топтар республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жұмыс істеуде. Олардың құрамына танымал теолог-ғалымдар, имам-молдалар, дін саласына жауапты мемлекеттік қызметкерлер кіреді.

Жалпы, жергілікті имам-молдалардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты. Облыс аумағында барлығы 3 мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген көрінеді. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мешіт молдаларымен бірге әкімдік жанындағы дін істері басқармалары түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Әсіресе жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер және семинарлар өткізу жұмыстары жолға қойылған.

Естеріңізге салайық, биыл мамыр мен маусым айларында салафизм діни ағымының өкілдері алдымен Ақтөбеде теракт жасап, 7 адамды атып өлтірсе, артынша Алматыда дәл осындай жағдай қайталанды. Елімізде бүгінгі таңда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0