вторник, 22 октября 2024 г.
icon
481.68
icon
522.48
icon
5
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
8oC
×

ОҚО-да теріс ағымдармен имамдар бірігіп күресуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында мешіт имамдары теріс діни ағымдармен бірлесе күресіп жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ауданның бас имамы Е.Полатовтың ұйымдастыруымен мешіт имамдары күнделікті діни қызметтерінен бөлек отбасылық байланысты қалыптастыру үшін жаңа бастаманы қолға алды.

Бұл бастама Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни қызметкерлерінің арасындағы байланыс және олардың отбасылық жағдайынан хабардар болу, қажеттілік болса қолдау білдіріп, ұйымдастыру қажет екендігін аудан бас имамдарына айтқан болатын.

Аталған бастама аясында аудандағы оннан аса мешіттің имам-молдалары бір шаңырақта жиналып, өзара кеңес өткізді. Мұнан кейін дін өкілдері жергілікті жамағатпен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді, теріс діни ағымдардың зияны туралы уағыздар айтылып, тек дәстүрлі исламнан қол үзбеу керектігі сөз болды.

Мешітке жиналған молдалар мұнан кейін бас имамның шаңырағында болып, оның тұрмыс-тіршілігімен, отбасымен танысты. Ас басында радикалды діндарлармен күресу жолдары талқыланды. Молдалар осынау бастаманы ары қарай жалғастырып, белгілі уақыт аралығында әр имамның шаңырағында жиналып отыруға келісті. Сол арқылы ауылдардағы діни және әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын да бірлесе қолға алмақ.

Сонымен қатар, осынау шараның көмегімен имамдар діни біліктіліктерін де арттырады, яғни тәжірибе алмасады.

«Имамдық қызмет жауапты қызмет, әрбір имам өз ісіне жауапкершілікпен қарауға әрекеттенеді. Өйткені қаншама халық діни мәселеде имамға итағат етеді. Өз кезегінде имам осыларды ескеріп, Алланың алдындағы жауапты, халық аманатын арқалағанын сезініп барынша білім ізденіп, біліктілік арттыруға талпынады. Осы игілікті іс имамдарға зор серпіліс беруде. 2015 жылы ақпан айында Астана қаласында "1-Республикалық имамдар" форумында қабылданған маңызды 4 құжаттың екеуі тікелей діни қызметкерлерімен имамдар жайлы нақты қандай болу керек, әдептері толығымен көрсетілген. Бұл құжат имамдарымызға зор көмегін тигізуде. Күнделікті халыққа атқаратын діни қызметімізде, және діни қызметкерлермен байланыстарымызды осы құжаттарымызды негізге алып атқарудамыз. ҚМДБ қызметкерінің этикасындағы Қызметке қатысты " Қарамағындағы қызметкерлері және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс". әдептердің 12-тармағында көрсетілгендей қарамағымыздағы қызметкерлерімізбен діни қызметтен бөлек олардың күнделікті тұрмысына көңіл бөлу біздің міндеттіміз. Ұйымдастыру ісімізге белсенді атсалысып жатқан Шанақ ауылы "Басқұдық" мешіт имамы Шегірбаев Сәрсенбай атамызға рахметімізді айтамыз», - деген ауданның бас имамы Е.Полатов отбасылық жиынды қорытындылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0