воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

ОҚО-да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылуы талқыланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында орналасқан «Мұса» салтанат сарайында «Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары» облыстық форумы болып өтті.

Форумның мақсаты - ҚМДБ тарапынан 2016 жылдың елімізде «Дін және тарих тағылымы жылы» деп жариялануына орай діни және тарихи дәстүрлеріміздің қолданыстағы жүргізілу барысын талқылау, алдағы келе жатқан қажылық маусымын кеңінен насихаттау, сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылу барысы, т.б. мәселелері жан-жақты сөз етілді.

Форумға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқан, облыстық ішкі саясат басқарасы және дін істер басқарасы, жергілікті құзырлы мекемелер өкілдері мен облыстағы 792 мешіттің қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің барлық имамдары қатыстырылады.
Форумды облыстың Бас имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Форум барысында ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқан мырза «Мазһабсыздық – жарға жығады» атты тақырып негізінде дәріс оқыды. Мұнымен қатар, облыс имамының орынбасарлары мен Зекет қорының өкілі арнайы қатысып, түрлі тақырып бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, форумның екінші бөлімінде ҚМДБ-ның Ғұламалдар кеңесінің мүшесі Ә.Сманов, РАНТ мүшесі А.Қуанышбаев арнайы уағыз айтты. Сонымен қатар, форумға қатысушылар тарапынан дінге қатысты 56-ға жуық сұрақтар қойылып, түгел жауап берілді.
Сондай-ақ, форум соңында қатысушылар тарапынан арнайы алдағы уақытта жұмыс бағдары ретінде қарары қабылданды.

Форум соңында асыл дінімізге еңбек етіп жүрген үлгілі ауылдық мешіттердегі имам-молдаларымыз өкілдіктің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0