четверг, 2 февраля, 2023
icon
460.87
icon
501.56
icon
6.57
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-15oC
Подпишитесь на нас:
Регионы Редактор
20 августа, 2016, 18:42

БҚО-да 11467 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасында  білім саласы бойынша негізгі басымдық ретінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылығын дамыту тұрғысындда мектеп стандарттарын жаңарту, табысты мектепті ынталандыру жүйесін құрау атап көрсетілген. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында да көптеген жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің 30 мектебінде Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжіәрибесін тарату мақсатында 12 жылдық білім берудің жаңа бағдарламасы  апробациядан өткені белгілі.  Батыс  Қазақстан  облысының Теректі ауданындағы  Шаған орта мектебі мен Орал қаласындағы М. Ықсанов атындағы №36 орта мектебі он екі жылдық білім беру жүйесімен жұмыстануда.  Бүгін Орал қаласында  өткен білім беру қызметкерлерінің "Білімді ел-мәңгі ел" атты  тамыз кеңесінде мәлім болғанындай өңірімізде жаңа оқу жылынан бастап білім берудің жаңартылған жүйесі кезең-кезеңмен енгізілмек. Облыстағы аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің болжамды мәліметі бойынша 1 қыркүйекте 6-7 жастағы 11467 оқушы 1 сыныпқа қадам баспақ ниетте. (2011 жылы 9161) Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған. Жаңа бағдарламаға сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға баспаларға сұраныс жасалған. 

Батыс Қазақстан облысында 672 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Облыстың білім беру бюджеті 2015 жылғы 42,2 млрд. теңгеден 2016 жылы 53,1 млрд. теңгеге дейін  өсті. Соның ішінде республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге мектепке дейінгі балалар және және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, білім беру нысандарын күрделі жөндеуге, колледж оқушыларына шәкіртақы мөлшерін өсіруге бөлінген.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения