«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам ұлттық жоспарында» патриоттық тәрбиені белсендендіру идеясы нақты айқындалған, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Патриот болу - өз тарихына сүйіспеншілікпен және құрметпен қарау ғана емес, өте маңызды, дегенмен, ең алдымен елге және қоғамға қызмет ету. «Мәңгілік Ел» идеясы жастар үшін ортақ мақсат және біріктіруші ұран болуы тиіс. Жастарға патриоттық тәрбие беру - бұл еліміздің мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі екені белгілі. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында да біраз жұмыстар жүзеге асуда.
Өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру мен әскери-патриоттық клубтарды дамытуда 2170 оқушыны қамтыған 145 әскери-патриоттық клубы жұмыстанып жүр. Жыл сайын республикалық «Алау», «Жас Ұлан» сайыстарының облыстық кезеңдерінің өткізілуіне қызығушылық артуда.
Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, төтенше жағдайлар туындаған кезде өзінің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне саналы және жауапкершілік қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында көптеген шаралар өтті. Соның ішінде 13-16 жас аралығындағы «Жас құтқарушылар» тобының облыстық слетінің жұмысын айрықша атап өтуге болады.
Өткен оқу жылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында алғаш рет республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Осы жиынға біздің өңірімізден барған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы бірнеше номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Жалпы әскери-патриоттық клубтар тек қана әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын емес, сонымен қатар Қазақстандық патриотизм, елжандылық, Отансүйгіштік принциптерін жасөспірімдердің бойына сіңіруге, олардың интелектуалды дамуына, заңды сыйлайтын азамат ретінде қалыптасуына көп әсерін тигізеді.