воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Ақтау хаттамасы» күшіне енді

Каспий теңізінің биологиялық әртүрлiлiгiн сақтауға және су асты туризмін дамытуға көңіл бөлінеді. Ол үшін теңіз жағалауындағы аймақтарға жасанды рифтер құрылады. Сондай-ақ, табиғи және рекреациялық аймақтарды қайта келтіру мақсатында 68 мыңға жуық гектарды қамтитын «Қызылсай» мемлекеттік бағы салынады. Бұл туралы бүгін Каспий теңізін ластанудан сақтау мақсатында қабылданған «Ақтау хаттамасының» күшіне енуіне байланысты Ақтауда өткен аймақтық кеңесте мәлім болды.

Еске сала кетсек, 2006 жылы 12 тамызда Каспий теңізі аймағын қорғау туралы «Тегеран» конвенциясы күшіне енген болатын. Осыған орай, теңіз аймағы мұнаймен ластанған жағдайда әрекет ету және ынтамақтастық туралы «Ақтау хаттамасы» әзірленді. Хаттама тек осы жылдың 25 маусымында күшіне енді. Құжат осы уақытқа дейін талқыланып келді. Себебі, Каспий аймағындағы бес мемлекет теңіздің экологиялық мәселесін жеке-жеке шешіп, аймақты қорғау бір ретке келтірілмеген. Сондықтан мемлекетаралық деңгейде Каспий экологиясы туралы кешенді бағдарлама жасалынуы 5 мемлекет тарапынан биыл ғана қолдау тауып, Каспий маңы мемлекеттерінде ратификацияланды.

Осыған орай бүгін бес елдің өкілі бас қосып, «Ақтау хаттамасының» әрі қарайғы іс-әрекеттерін талқылады.

«Қол қойылған құжат қабылданған шаралар бойынша тараптарға жауапкершілік жүктейді. «Ақтау хаттамасы» негізінде Каспий теңізінің жер үсті көздерінен ластануын азайту, теңіздің мұнаймен ластануын және Каспий теңізінің тиімді мониторинг және бақылау жүйесін құру мақсатында жұмыстар атқарылатын болады. Бұл барлық мемлекеттер үшін тиімді. Жалғыз мемлекет ғана емес, мұнай өндіру және өңдеумен айналысатын жеке секторларда Каспий теңізінің жағалау аумағын кешенді және орнықты пайдалануды жақсарту керек», — дейді БҰҰАОЖБ өкілі, аймақтық үйлестіруші Махир Алиев.

Бұдан былай, теңіз аумағында төтенше жағдай орын алса, Каспий маңы елдері қажетті шараларды бірлесіп атқарады. Әрбірінің мүмкіндігінше барлық ұжымдық күші пайдаланылады. Мәселен, бір мемлекет аумағында мұнай төгіліп, егер техника жетіспей, басқа тараптарға сұрау салынса, олар арнайы техникалардың ең аз санымен қамтамасыз етілуге міндетті болды.

«Маңғыстау облысы үшін бұл үлкен мәні бар хаттама. Бәріңізге аян, облыста бір де бір адам өміріне пайдалануға болатын бірде-бір өзен жоқ. Енді Каспий теңізінің аймағын ластануға жол берілмейді. Уағдаласушы Тараптардың теңіз ортасының кемелерден ластануын болдырмауы енді заңды ттүрде жүзеге асады. Олар, қолдасын, қолдамасын бақылауға алынатыны жақсы болды. Енді, біз Каспий аймағындағы табиғи ресурстардың сақталуын расында қолға алуымыз керек», — деді өз сөзінде «Маңғыстау Орхус орталығы» ҚҚ директоры Қажымұрат Хайрушев.

Бұрын, Каспий аймағы экологиялық қолдау тетіктеріне зәру болатын. Бүгінге дейін үлкен көлемде экологиялық мониторинг өткізу шаралары қолға алынбай келген. Судың биологиялық жағдайы туралы ғылыми түрде дәлелденген деректер де болмаған. Сондықтан Каспий теңізінің биоресурсын сақтау мен қорғау шаралары кенже қалып жүрді. Енді, Каспий маңы елдерінің өкілдері «Ақтау хаттамасы» арқылы осы олқылықтар жойылатын болды деп тарқасты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: