суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Маңғыстаулық жастар форумы өтті

Бүгін Ақтау қаласында жастар форумы өтті. Мерекелік шараға қатысушылар аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған. Шара барысында биылғы жартыжылдық бойынша есеп беріліп, болашаққа бағдар жасалды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Аталмыш жиында жастар саясатын дамытуға үлес қосқандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Өңірдің даңқын көтеруге ат салысып жүрген белсенді жастардың еңбегі еленіп, зор құрметке ие болды. Солардың бірі - түпқарағандық Наурызбек Мағадатов. 2 жыл бойы жастар қоғамдық бірлестігін басқарып келеді. Аудан жастарының айбындылығын айтады, замандастарынан да соны күтеді.

«Әрқашанда жастар - қоғамның локомотиві, қозғаушы күші. Сондықтан да қазіргі таңда осы тәуелсіз Қазақстанның қозғаушы күші, жастары ретінде әрқашанда белсендіміз. Осы белсенді жолымыздан әрі қарай жалғастырамыз, таймаймыз. Барлық Маңғыстау облысының жастарын бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, сол жастарды белсенді болуға шақырамын», — деді Түпқараған аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағадатов.

«Мен Маңғыстау облысының белсенді жастар қатарындамын. Осыдан жарты жыл бұрын Қазақстан аруында Маңғыстау облысының атынан шыққан болатынмын. Біздің болашағымыз жастардың қолында. Жастардың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз. Әлі де талай биік шыңдардан көрінеміз, талай жетістіктерге жетеміз деген үміттемін. Бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын», — деп қосты «Қазақстан аруы – 2015» Әлия Мергембаева.

Форумда барлық аудан жастарының көрсеткіштері таныстырылды. Айта кетейік, бірінші жартыжылдық бойынша мұнайлы шаһарда тындырымды істер атқарылған. Жыл басынан бері 1500 өтініш түсіп, бүгінде 680 жас маман жұмыспен қамтылыпты.

«Әр орталықтың өзіндік ерекшелігі бар облыста жұмыс жасайтын. Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының ерекшелігі сол - біздер тренингтерге, интеллектуалдық жастарды дамытуға, маригиналдық жастармен жұмыс жасауға және облыс бойынша күйіп тұрған мәселе бұл жұмыссыздықпен күресу бағытында және жас кәсіпкерлерге жол ашу бағытында жұмыс жасап жатырмыз», — деп атап өтті Жаңаөзен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кмм директоры Жадыра Шалабаева.

Өскелең өрендердің әр жетістігі - өлкеміздің дамуына қаланған бір кірпіш болып саналмақ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: