воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Оралда халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр

Елдің экономикасын көтеріп, халықтың әлеуетін арттыру үшін Қазақстанда жұмыс жасауға ынталы инвесторларға қолайлы жағдай жасау қажет. Қазақстандық кәсіпкерлер де шет елдіктермен иықтенестіре жұмыс жасай алатындай болуы шарт. Бұл жөнінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 100 нақты қадам ұлт жоспарының 54- қадамында «Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес – омбудсмен институтын нығайту» деп елдегі кәсіпкерліктің дамуына бар жағдайды жасау қажеттігі жөнінде ерекше атап өткен болатын.

Осы орайда бүгін Орал қаласында әлемнің 7 елінің бизнес өкілдері жиналып, аймағымыздың бизнес климатын бағалап, жергілікті тауар өндірушілермен бірқатар келісімге отырды. III халықаралық инвестициялық форум бұл - аймақ бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлардың диалог құру алаңы. Форумға Ұлыбритания, Финляндия, Чехия, Иран және көршілес Ресей елінен бизнес өкілдері келген болатын. 

Аталмыш форум еліміздің индустриалды-инновациялық даму қарқынын талқылау және облыстың ауқымды жобаларының таныстыру мен аумақаралық және халықаралық бірлескен кәсіпорындарды құру туралы келісім шарттарға отыру мақсатында ұйымдастырылды. БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының сөзіне сүйенсек, аталмыш шара аймақтағы бизнес климатты жақсарту жолында айтарлықтай үлес қоспақ.

Форум барысында арнайы көрме де ұйымдастырылған. Көрмеге қатысушылардың арасында жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілерден бастап, ауыр өнеркәсіп өкілдері де болды. Олардың көздегені бір - өз тауарларын таныстырып, шетелдік және көршілес аймақтардың кәсіпорындарымен серіктестік құру.

Мәселен, Испаниялық компания аймағымызда жаңадан салынып жатқан тері өңдеу зауытын аталмыш елдің құрылғылармен қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі таңда БҚО республика бойынша инвесторларға тартымды аймақтардың бірі болып табылады. Оған дәлел ретінде облысымыздың тұрақты әлеуметтік-экономикалық және саяси қарқынын атауға болады. Соңғы 5 жылдың ішінде жалпы өңірлік өнім көрсеткіші 1,8 есеге артқан.  Жалпы форум облыстың инвестициялық даму әлеуетін таныстыру, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, энергетика, машинажасау, инфрақұрылым мен ауыл шарушылығы салаларында аймақаралық және екі елдің бірлескен кәсіпорындарын құруды мақсат еткен.

Форумға еліміздің орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері, дипломатиялық миссиялар, Иран, Финляндия, Германия, БАӘ, Түркия, Қытай, Әзірбайжанмен Ресей, т.б. елдердің қаржы мекемелері және даму институттары, ұлттық және шетелдік компаниялары қатысып жатыр. Форум барысында ұйымдастырылған көрмеге 80-нен астам компания өнімдерін қойған.

Форум біткен соң шара қонақтары облысымыздың өндіріс нысандарын аралайды деп жоспарланып отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0