Батыс Қазақстан облысының он екі ауданын аралап шыққан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы Орал қаласына табысталды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Осыдан бірнеше ай бұрын Орал қаласы бұл мега жобаны Ақжайық ауданына табыстаған болатын. Содан бері қарай облыстың он екі ауданың аралап, достық пен бейбітшілікті насихаттап, өз миссиясын аяқтаған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасын» Сырым ауданы Орал қаласына қайта табыстады. Осыған орай, Орал қаласындағы Достық үйінде Сырым ауданы мен Орал қаласы арасындағы рухани - мәдени келісім мен тұрақтылықты одан әрі дамыту, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту аясына бағытталған кездесу өткізілді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚХА – ның ел ішіндегі этносаралық татулықты сақтап қалудағы атқаратын рөлінің зор екенің жиі айтып жүргені белгілі.Бұл туралы Ұлт жоспары нақты 100 қадамда да шегелеп айтқаны бар. 100 қадамда көрсетілгендей «Біртектілік пен бірлік» Қазақстандықтардың басты ұраны болуы керек. Осы ретте, Ассамблеяның қалыптасуы және дамуы барысында этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің Қазақстанлық үлгісі қалыптасты. Ол бүгінде қоғамды ұйымдастырушы әлеуетті күшке айналды. Соған байланысты, облыс, қала аудан арасындағы қоғамдық келісімді нығайтуға арналған «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» атты мега-жобасы өткізіліп келеді.
«Осымен үшінші жыл қатарынан өткізгелі отырған мега-жобаның негізгі мақсаты мен міндеті - ұлттар мен ұлыстар арасында конфессияаралық келісімді нығайту, достық қарым-қатынасты арттыру, патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу», — дейді жиында сөз алған Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков.
Атаулы эстафета Орал қаласында қорытындыланды. Сырым ауданының делегаттары «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, «Ел ырысы» базарына Сырым ауданы кәсіпкерлері ұсынған өнімдерден жәрмеңке де ұйымдастырды.
Алқалы жиын аясында Сырым ауданының делегациясы, облыстық қоғамдық келісім кеңестері мен ҰЕҰ өкілдері «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы аясына өз ойларын ортаға салды.
Мега жоба аясы «Жымпиты-Орал» марафонына қатысушыларын Қадыр мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында қарсы алу концерттік шарасымен ұласып, Орал қалалық әкімдігі мен Сырым ауданы әкімдігі арасындағы меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.