четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Шардаралық оқушыларға теріс діни ағымдар туралы дәрістер оқылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында орналасқан мектептерде діни ақпараттық топ оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс шара аудандық ішкі аясат бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған. Осы жұмыстар аясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған аудандық ақпараттық түсіндіру топ мүшелері М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде және Шардара мектеп лицейінде «Мазһабтар туралы, кереғар діни ағымдар туралы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданның бас имамы А.Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н.Үсіпбек оқушыларға бүгінгі таңда діни экстремизм, терроризм, секта, лаңкестік топтардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, Ислам дініндегі мәзһабтар туралы, дәстүрлі Ислам дінінің маңыздылығын айтып өтті.

Н.Үсіпбек бүгінгі таңда жастардың әлеуметтік желілерде керітартпа ағымдардың жариялап жүрген діни уағыздарды тыңдамауға, оларды тыңдаған жағдайда жастардың бойында діни түсініктің қалыптаспауына байланысты әлеуметтік желілердегі уағыздарға саналары тез уланып кереғар топтың құрығына ілініп, дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кету қауіпі бар екенін атап өтті.

Айта кету керек, мұндай кездесулердің өткізілуі бекер емес. Биыл маусым мен шілде айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мүфтият пен Дін істері комитетінің және өңірлердегі ішкі саясат пен дін істері басқармаларының мамандарынан құралған ақпараттық түсіндіру топтары барлық өңірлерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Олар дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанушыларды тура жолға салуды мақсат етеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: