среда, 16 октября 2024 г.
icon
487.42
icon
531.39
icon
5.04
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
5oC
×

Медициналық колледж студенттері теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдарын талқылады

Шымкенттегі медициналық колледждің студенттері мен ұстаздары деструктивті теріс діни ағымдардан сақтанудың және алдын алудың жолдарын талқылады. Аталған жиын ОҚО Дін істері комитетіне қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ өкілінің қатысуымен өткенін айта кету керек.

Тыңдаушыларға баяндаманы аталған орталықтың «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімі маманы Ғ.Аппазов оқыды. Ол өз сөзінде дәстүрлі емес діни ағымдардан келетін қауіп, ерте жүктілік, нашақорлық сынды қоғамның бүгінгі дерттеріне кеңінен тоқталып, жастарды осынау індеттен бойларын аулақ ұстауға шақырды. Сонымен қатар, дәл қазіргі жастық шақтың алтын уақытын босқа өткізбей, ілім-білім үйренуге жұмсау керектігі де сөз болды.

Сондай-ақ, дін маманы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөздерін мысалға келтірді.

«Алла – хақ, пайғамбарымыз – Мұхаммед (с.а.с) қасиетті кітабымыз – Құран Кәрім болғанымен, әлем суннитері төрт мәзһабқа бөлінетінін білетін боларсыздар. Біз көптеген түркі халықтары сияқты Ханафи мәзһабына жатамыз. Мұның өзге мәзһабтардан басты артықшылығы Ислам қағидаларына қайшы келмейтін ата-бабаларымыздың дәстүр-салттарының да кеңінен қолданылуында. Міне, сол себепті ханафиттер жер жүзінде ең көп тараған мәзһаб болып есептеледі. Менің бұның бәрін айтып отырғаным: дін ұстараның жүзіндей өткір нәрсе. Мұнда жаза басып, жаңылысуға болмайды. «Менікі дұрыс» немесе «мен білемдік» емес, түсіністік, бірлік қажет, Бұл біздің ортақ мақсатымыз», - дейді Н.Назарбаев өзінің исламға қатысты пікірінде.

Айта кетейік, ОҚО Дін істері комитетіне қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ соңғы бірер айдан бері облыс аумағындағы оқу орындарын аралап, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл іс-шаралар Ақтөбе мен Алматыда жазда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін жүргізіліп жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0