четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Шардаралық жастар деструктивті діни ағымдар тақырыбын талқылады

Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің тапсырысына сәйкес «Қазынат-Мирас» жеке қорының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында «Облыстағы жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мектептеріндегі жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Аталған кездесулерде аталған орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің дінтанушысы М.Ержігітов жастарға тақырып аясында баяндама оқып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді.

М.Ержігітов Шардара мектеп лицейі және М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде және №12 орта мектебінде аталмыш тақырып төңірегінде ақпарат берді. Елімізде белең алған ағымдардың түрлері, олардан сақтану жолдары да кеңінен түсіндіріліп өтті. Түсіндірме жұмыстарына оқушылар мен қатар мектеп басшылары, дінтану пәнінің мұғалімдері де қатысты. Кездесу соңында оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ой бөлісті.

Айта кетейік, соңғы бірнеше айдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы өңірдегі аудандарда тұрғындармен ондаған кездесу өткізді. Басты мақсат – жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу, теріс діни ағымдардың ауылды жерлерде тамыр жаюына жол бермеу болып табылады.

Биыл жазда Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін республиканың барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі. ОҚО-да болып жатқан кездесулер сол ауқымды шаралардың бір бөлігі.

Бұған дейін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары Отырар, Арыс, Ордабасы, Сайрам аудандарында және Шымкент қаласындағы оқу орындарында болып, студенттермен және оқушылармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: