Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында оңтүстікқазақстандық жастар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ММК мамандары жоғары оқу орындары мен колледждерді және орта мектептерді аралап, дәстүрлі емес діни ағымдардың залалы жөнінде дәрістер оқып жүр.
Осындай кездесулер бүгін Шымкенттегі С.Адамбеков, С.Сейфуллин және Е.Молдабаев атындағы орта мектептері жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті. «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Б.Омарбаев жүргізген семинар дәрістер «Дәстүрлі емес діни ағцмдар» деген тақырып алған.
Жиынның мақсаты – халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Б.Омарбаев ислам дінінің құндылықтары және дін мәселесінің күрделі болып отырғанын баяндады. Кездесу барысында оқушыларға түрлі ағымдар мен секталардан сақтандыруға арналған арнайы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, кездесулерде ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтып кетті. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті. Кездесу соңында ауыл тұрғындарындары өздерінің толғандырған сұрақтарына дінтанушы маман тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.
Айта кетейік, биыл жазда Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздік барлық өңірінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, арнайы құрылған ақпараттық топтар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.