воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
0oC
×

Созақ жастары діни экстремизм тақырыбында дәріс алды

Теріс діни ағымдармен күрес жұмыстары соңғы бірнеше айда еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Бұған Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалар себеп болған еді. Мәселен, бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар халықпен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осындай іс-шаралардың бірі Оңтүстік Қазақстан обысындағы Созақ ауданында өтті. Атап айтқанда, Әлиев және Науайы атындағы жалпы орта мектептерінде, № 24 колледжінде «Жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» бойынша іс-шара болып өтті.

Іс-шараға ОҚО Дін істері басқармасының дін мәселерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпаратттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім басшысы Ұ.Алиакбарұлы қатысты.

Осынау кездесулердің барысында оқушылар мен студенттерге  діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түсетіндігін түсіндірді.

- Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенде келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да, бұлар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал, - деп атап өтті Ұ.Алиакбарұлы.

Елбасымыз «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», - деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни, Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген.

Кездесу соңында Ұ.Алиакбарұлы жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0