пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Шардарада діндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған кездесу өтті

Биыл жаз айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін республиканың барлық аумағында қауіпсіздік шараларының күшейтілгені белгілі. Еліміздегі аудан-қалаларда, шалғай ауылдарда дін өкілдерімен кездесулер ұйымдастырлып, халықтың діни сауатын ашу жұмыстары жолға қойылған.

Осындай шаралардың бірі Оңтүстк Қазақстан облысындағы Шардара ауданында өтті. ОҚО Дін істері басқармасы мен осы басқармаға қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырған кездесу дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Дін өкілдері мен осы салаға жауапты мемлекеттік қызметкерлер мектеп директорлары мен олардың орынбасарларымен және мұғалімдермен кездесіп, кереғар діни ағымдардың залалы туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ маманы, дінтанушы М. Халықов отбасында бала тәрбиесіне жіті қадағалау керектігін және сәләфи бағыттағы адамдардың сыртқы бейнесінен, іс-әрекетінен, киген киімінен, оқыған намазындағы ерекшеліктері бойынша түсінік беріп, кереғар діни ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, дін өкілдері теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен жастарымызды дәстүрлі исламға қайтару мәселелерін көтеріп, отбасылық құндылықтарды жиналғандардың есіне салды.

Айта кету керек, биыл еліміздегі діни ахуалды қалыпқа келтіру үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылған болатын. Аталған ведомство жанынан жасақталған ақпараттық түсіндіру топтары республиканың барлық өңірлерін аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдар мен секталардың еркін әрекет етуіне тосқауыл қою болып табылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: