пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Арыстың бірқатар мектептерінде дін ғалымымен кездесулер өтті

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» - деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі.

Әсіресе, соңғы жылдары бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Қауіпті деп есептеліп отырған діни экстремизмді алдын-алу, тұрғындарға түсіндіру мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Кәсіпкерлік мектебінде, сонымен қатар, В.Комаров, С.Қожанов және М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептерінде дінтанушы Медет Халықов «Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар» тақырыбында және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын түсіндіру аясында дәріс оқыды.

Айта кетейік, осынау шараны ОҚО Діс істері басқармасын жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отыр. Кездесулердің басты мақсаты – жас жеткіншектерді теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтау, адасқан жолдағы жастарды дәстүрлі ислам дініне қайтару болып табылады.

Кездесулер барысында дін маманы оқушыларға теріс діни ағымдар туралы кеңінен ақпарат беріп, олардың қоғамға тигізіп жатқан залалы туралы мысалдар келтірді. Сондай-ақ, шараға қатысқан оқушылар мен педагогтарға түрлі ағымдар мен секталардан сақтандыруға арналған кітапшалар мен жиынға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0