суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Мейірімнен жұрдай адам мұсылман емес — дін маманы

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында және жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтау үшін бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында түсіндіру шаралары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жаңа оқу жылы басталғалы бері ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ 100-ден астам кездесу өткізіп үлгерген. Барлығы да жастармен.

Осынау кездесулер барысында салафилік-уахабилік идеологияның пайда болған тарихынан бастап, қазіргі сойқан әрекеттерімен танылған ДАИШ туралы түрлі бейнероликтер көрсетіледі. Өйткені, өздерін «мұсылман» санайтын лаңкестік топ өкілдері жауыздығымен бүкіл әлемді үйрейде ұстап отыр.

Дәл осылай өздерін мұсылман санап, талай адамның қанын төккен лаңкестер өкінішке қарай, өзіміздің де арамыздан шықты. Кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы жағдайды айтып отырмыз. Қолдарына қару алып, бейбіт тұрғындарды қырып салғандардың әрекеті мұсылмандықтың ешқандай симатына келмейтінін дін мамандары дабыл қағып айтса да, Сирияға соғысуға аттанған қазақтар да аз болған жоқ.

Шындығында, ислам – бейбітшіліктің діні. Ислам ешқашан ешкімді соғысқа үгіттеген емес. Көзі ашық кез келген дін мамаманынан сұрасаңыз мұны растап береді. Мәселен, белгілі дінтанушы Асылбек Әуезханұлы лаңкестер туралы қысқаша былай қайырған:

«Аңдасаңыз, күн сайын намаз оқыған кісі кемінде қырық рет «Ар-рахманир рахиим» - «Алла аса мейірімді, рақымды» деген аятты оқиды. Әр кездеске адамға «Әс-салам!» деп бейбітшілік пен тыныштық тілейді. Дініміз Ислам адам түгіл малға зәбір көрсетуді құптамайтын мейірімге тұнып тұр. Екі дүниенің ең ардақты тұлғасы, Алла елшісін (с.ғ.с.) де Жаратушы Иеміз: «Біз сені ғаламдарға мейірім жаршысы етіп жібердік» деген аятымен таныстырады. Алла Тағала: «Менің рақымым барлық нәрсені түгел қамиды» деп бүл дүниеде мейірімнің рөлі қандай екенін айдан анық баян етеді. Ардақты адам былай тұрсын, небір жыртқыш аңдардың өзі жас төліне мейірім шуағын төгіп жүргенін көреміз.

Осының бәрін ұмытып, қолына қару алып, жас демей, кәрі демей, бала демей, әйел демей адам қырумен айналысып жүргендер бұл Исламның қай жағында жүргенін ойлап көрдіңіз бе? Жаратқан Иесі туралы еш болмаса титімдей түсінігі бар адам  «Аллаһу әкбар!» деп адам өлтірер ме еді? Балалар мен әйелдерді әлгінде айтылған қиянаттарға душар етер ме еді?», - дейді ол.

Бұл сөздерді «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары да барлық кездесулерінде жастардың құлағына құйып келеді. Айтуларынша, жат ағымның жетегінде жүріп, дәстүрлі ислам ұстанушыларының қатарына қосылғандар да болған екен. Жұмыстар дәл осылай жалғаса берсе адасқандар саны өңірде әлдеқайда азаяды дейді аталған орталықтың басшысы Мәди Беспаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0