вторник, 5 ноября 2024 г.
icon
489.36
icon
533.45
icon
4.99
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
-2oC
×

Сарапшылар: Өзгелердің бәрін «кәпір» санау – идеялық вирус

Діни радикалдардың негізгі белгілерінің бірі – өз идеяларын мойындамағандардың бәрін «кәпір» санайды. Сарапшылардың көбі мұны аурудың бір түрі деп есептейді екен. Ал, «Аңсар» консультациялық сауықтыру орталығының директоры Асқар Сабдиннің бұларға қатысты пікірі өзгеше. Ол өзгелерді кәпір санауды идеялық вирус деп отыр.

Айта кету керек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында теріс діни ағым ұстанушыларын оңалту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. ОҚО Дін істері басқармасы мен оған қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары аудан-қалалар мен шалғай ауылдардың бәрін аралап, тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргізіп келеді.

Дін мамандарының айтуынша, дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына өтіп кеткен жастарды кері қайтару өте ауыр және қиын болса да ақырындап жүзеге асып келеді екен.

«Негізінде, бұл идеялық вирус. Кейбір сарапшылар мұны «ислам ғылымындағы охлократия» ауруы деп атайды. Өзге сарапшылар болса бұл індетті «білім қиялы» немесе «діндар синдромы» деп атап жүр. Шындығында, бұл анархия қатардағы «мұсылман» исламның 5 тірегін меңгерсе ол «генерал», яғни моджахед болады деген түсінікке алып келді. Айтқым келгені, сол мұсылман «генералы» өз идеясын ұстанбаушыларды кәпір деп, «тозаққа жібереді» де, өзінің «бауырларын», «шейхтерін» ұстаз деп, «жұмаққа» аттандырып жатады. Яғни, радикалдардың осылайша миын айналдырып, өзге адамдардың тағдырымен ойнауға мүмкіндік тудырады. Ал, білімі аз жастар үшін бұл ұнайтыны анық. Біреуді басқару, тағдырымен ойнау қаны қызып тұрған жас буынға неге ұнамасқа?! Мұны технологиялық спекуляция деп атаймын, яғни қатардағы радикалдардың қолына мүмкіндік беру», — дейді А.Сабдин.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0