суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Мұсылмандар ДАИШ-ке қарсы қандай шара қолдана алады?

Ислам атын жамылған ДАИШ содырларына қарсы әлем мұсылмандары қандай шара қолдана алады? Қазір әскери коалициялар осынау лаңкестік ұйымға қарсы күш қолданып жатқанымен, иедяны күшпен тоқтату мүмкін емес екені белгілі. Демек, ислам әлемі бірігіп, бұл жауыздықты іліммен тоқтату керек. E-islam порталының бас редакторы Жалғас Сандыбаев осылай дейді.

«Централ Азия Монитор» газетіне берген сұхбатында дінтанушы ДАИШ идеологиясына бөгет қою амалдарын қарастырған.

- Бұл халықаралық террористік ұйым. Ал, терроризмнің ұлты, діні, мемлекеті жоқ. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда ДАИШ құрамында әлемнің 80 елінен жиналған содырлар соғысып жүр.

Менің ойымша, бүкіл әлемдік қауымдастық бір жұдырық болып бірігіп, экстремизм мен терроризмге қарсы күш жұмылдыруы керек. Әлемдегі рухани және діни көшбасшылар, мүфтилер, ғалымдар, дін қызметкерлері, қоғам қайраткерлері бірлесе отырып, өз халқына ДАИШ-тың залалын түсіндіруі қажет. Бұл ұйымның исламға еш қатысы жоқ екені күнделікті айтылып отыруы керек.

Сонымен қатар, халықаралық форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, оған бүкіл әлемнің діни ғалымдары жиналса, олар пікір алмасып, тероризмге қарсы үкім шығарса – сол кезде бұл жауыз ұйымға тоқтау салуға болар еді.

Мәселен, жуырда ғана Алматыда Орталық Азия үлемдерінің форумы өтті. Онда дін өкілдері ислам атын жамылып, арам пиғылдарын жүзеге асырып жүргендерге қарсы күш жұмылдыруға уағдаласты. Иә, тек дінбасылардың жұмыс істеуі мәселені шешіп тастамайды, ең алдымен қарапайым халық ДАИШ-тың кімдер екенін біліп түсінуі шарт, - дейді Ж.Сандбаев.

Естеріңізге салайық, дәстүрлі емес діни ағымдардан халықты сақтау мақсатында ОҚО-да «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары тұрақты түрде трғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, Мәди Беспаев бастаған дін мамандары аудан-қалалар мен шалғай ауылдарды аралап, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдарын үйретіп жүр. Сонымен қатар, мектеп және колледждерде, жоғары оқу орындарында жастармен кездесулер ұйымдастырылып, жат ағымның жетегінде кеткендерді дәстүрлі ислам ұстанушыларының қатарына қайтару жұмыстары атқарылуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0