среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ОҢАЛТУ – БҮГІНГІ ТАЛАП

AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері Роман Максутов, Қуандық Жакиялиев, Арман Баженов, Бағыт Шеркешбаева және Айбар Ерекешов Атырау қаласындағы № 1 емхана ұжымымен кездесіп, саяси науқанға қатысты мәселелер, партиялық сайлауалды бағдарлама, жалпы жаңашылдықтар туралы еркін форматтағы кездесу барысында айтып өтті.

Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Еңбек ұжымының өкілдері емхана ғимаратының жағдайы яғни, стандартқа сай еместігін айтып, осы мәселеге партия тарапынан қолдау болса деген ұсыныстарын білдірді. Бұған қоса, сала мамандарының тапшылығы, баспанамен қамтылуына қатысты мәселелер де қозғалды. Әр саланың өзіне қолайлы орта болуы керектігін атаған партия атынан 19 наурыздағы сайлауға түсетін кандидаттар:

«Сайлауалды бағдарлама – халық ұсыныстарының жиынтығы. Оның ішінен сіз маман ретінде де, қоғамның бір мүшесі ретінде қарасаңыз да, өзіңізге қатысты маңызды мәселені таба аласыз» дей келе, бағдарламаның салалық тарауын талқылады.

Мәселен, облыстық бағдарламада денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға басымдық берілетіні айқындалған. Алдағы бес жылда медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін даярлауға арналған гранттар санын 50-ге дейін жеткізуді қолға алу жоспарланып отыр.

Облыс тұрғындарының денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін, өмір сүру ұзақтығын арттыру – партиялық сайлауалды бағдарламадағы жалпы іс-шаралар нәтижесінде күтілетін нәтижелер.

Кандидаттар кездесу барысындағы айтылған ұсыныс пен сауалдар партия назарында болатынын атап, оларды арнайы аманаттар жәшігіне жинақтайтындарын жеткізді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0