+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.05.2017 в 12:25

«Шымкент-сити» аумағында тұрғын үйлердің құрылысы қызу жүргізілуде

«Шымкент-сити» – бүгінде қаланың басты құрылыс алаңына айнала бастаған. Жалпы 427 гектарды құрайтын жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені аумағында бүгінде жол салынып, инфрақұрылым жұмыстары қарқын алуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жергілікті БАҚ өкілдеріне «Тұран» шағынауданындағы ауқымды жобаның құрылыс барысын таныстырды.

Әкім орынбасарының баяндауынша, жоба құрылысына республикадан 15 млрд теңге қарастырылған. Инженерлік-коммуникациялық жұмыстары келесі жылы аяқталады. Яғни, асфальт салу жұмыстары бітеді. Жоба толықтай аяқталғанда жаңа қалашықта 70 мың адам қоныстанатын болады.

«Қазір мұнда 10 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бірінші бөлікте 25 гектарды игереміз деп жатырмыз. Сосын 75 гектар болатын аумақтың жобасын жасалуда. Биыл онда жұмыстар басталады. Елбасының тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан «Шымкент-сити» жобасына қазіргі таңда көптеген инвесторлар қызығушылық танытуда. Елімізден және шетелден де бар. Атап айтқанда, олар – «Отау групп», «Базис»,  BI Group компаниялары. Сондай-ақ Қытай, Түркия және Малайзиядан көптеген инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде», – дейді қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.

Пресс-тур барысында белгілі болғандай, осы аумақта 316 тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. Ол үйлер жеке компаниялар есебінен және мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша да берілмек. Н. Көшероввтың баяндауынша, бұл тұрғын үйлер құрылысына 300 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалмақ. Оның 200 миллиарды инвесторлардан болса, қалған 100 млрд «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша жұмсалады.

Сондай-ақ осы аумақтан «Шымкент Арена» спорт сарайы бой көтермек. Оның сыйымдылығы 5-8 мың аралығында болмақ. Қазір құрылыс жобасы жасалып жатыр.

Айта кетерлігі, «Шымкент-сити» аумағында дәл қазір тұрғын үйлердің құрылысы қызу жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін 5 көпқабатты үй аяқталады. Оның әрқайсысында 55 пәтерден болады. 

«Республикалық қаржының есебінен тек инфрақұрылым жұмыстарын және қолжетімді түрғын үйлер құрылысын жүргіземіз. Қалғаны толық жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады», – дейді қала әкімінің орынбасары БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика