суббота, 10 мая 2025 г.
icon
516.01
icon
582.47
icon
6.26
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
15oC
×

Қызылордалық студенттер Алаш арыстарының мол мұрасымен танысты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тәуелсіздік туын көтерген Алаш арыстарына 125 жыл» тақырыбында кеш өтті. Университеттің Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында өткен шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

«Алаш арыстарын ұлықтаған кештің мақсаты – ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, білім алушыларға қазақ халқының қалыптасу кезеңдері мен ел мүддесі үшін аянбай тер төккен қазақ зиялылары туралы ақпарат беру болды. Халқымыздың зиялы қауымының қоғамдық-саяси өмірі мен қызметі, бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларын жастарға насихаттау үшін осындай шараны ұйымдастырдық», - дейді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының оқытушылары.

Кеш барысында профессор Меруерт Аңсатова «Азаттықты аңсаған – Сұлтанбек Қожанов» атты тағылымды баяндамасын оқыды. Аға оқытушы Алмагүл Әбдразақова «Түркі халықтарының жанашыры – Тұрар Рысқұлов» тақырыбында сөз қозғады. Ал, аға оқытушы, магистр Амангүл Әзірбекова «Алаштың үш алыбы» деген атаумен қазақ зиялылары жайлы ой бөлісті.  Аталған тақырыптар бойынша Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегі, «Алаш» ұлттық идеясының «Мәңгілік ел» идеясымен тарихи әрі рухани сабақтастығы туралы айтылды. Тәлімі мол кеште жаратылыстану институтының студенттері Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» шығармасынан көрініс қойды. Ал, дәстүрлі өнер институтының студенттері Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде», «Қазақ елі» әндерін шырқады. Білім алушы жастарға Алаш арыстарының рухани мұралары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0