+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.11.2019 в 19:15

Сыр жастарының белсенділігін арттыруға бағытталған шара

Қызылорда қаласындағы Жастар орталығында аймақ жастарының күндері өтті. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараға Қызылорда облысының 7 ауданынан келген жастар қатысты. Бірнеше күнге созылған өңір аудандарының күндері жастар саясаты мен бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Соның ішінде жастар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл – ел бесігі» атты арнайы жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сыр жастарының белсенділігін арттыруға бағытталған шара

Қызылорда облысының әр ауданына арнайы бір күн бөлінді. Сол уақыт аралығында аудандардан келген жастар белсенділік танытып, өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Мәселен, Қармақшы ауданының жастары «Мамандығым –мақтанышым», «Ауылым – алтын бесігім» тақырыптарында пікір алмасып, аудандағы робототехника үйірмесінің қатысушыларының қолынан шыққан бұйымдар мен кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласының жастары ұлттық аспаптармен күй орындап, өнер көрсетті.

«Ауыл мен қала жастары арасында байланыс орнатып, достық қарым-қатынасты қалыптастыру негізгі мақсатымыз болды. Осы орайда аудандағы жастар арасында жүргізіліп жатқан игі істерді, мемлекеттік жастар саясатының ауылдық аймақта қалай іске асырылып жатқанын көрсетуге тырыстық. Бұл шараның негізгі мақсаты жастар шығармашылығын шыңдау, олармен пайдалы кеңестермен бөлісу арқылы тәжірибе алмасу», - дейді Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим.

Сырдария ауданының жастары «Өмірлері өнеге» тақырыбында ауданның дарынды тұлғалары Рамазан Тайманов және Алмагүл Божанқызымен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Қаржылық сауаттылық», «Қаржыны игеру және басқару» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған қоса «Мәміле» тақырыбында ток-шоу ұйымдастырып, «Сырдария жастары – жасампаздық жаршысы» атты аудандық шығармашыл жастардың концертін ұсынды. Қазалы ауданының жастары да «Ашық алаң» деген атаумен «Ажырасу проблеманың шешімі ме?» тақырыбында пікір бөлісті. Жастар аталған тақырып аясында отбасылық құндылық жайлы айтып, ажырасу мәселесінің алдын алу туралы қозғады. Бұл шараға облыстық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Берекетова Жамал, теолог маман Дәрібаев Жеңісбек және аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Ержігітова Жанат қатысып, кеңес берді.

Шиелі жастары іс-шараны «Ағаш ек, гүл ек, Туған жерді түлет!» деген ұранмен тал отырғызудан бастады. Одан әрі ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Әбділда Тәжібаев тағылымы» және Маханбетқали Тұрсыновқа арналған «Сырдың бас ақыны» атты кітаптардың көрмесі өтті. Ал, Жаңақорған ауданының жастары ұлттық спорт ойындарынан сайыс өткізіп, шараның көркін қыздырды. Арал аудандық жастар театры Әбіш Кекілбаевтың «Жүнді барақ» шығармасы бойынша сахналық қойылым ұсынды. Сондай-ақ, өнерлі жастар «Аралым – айдын шалқарым» атты кешпен көпшілікті тәнті етті. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика