Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімі Сығанақ қалашығына тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырды. «Сығанақ – Алтын Орда төрі» атты тарихи экспедиция Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларында айтылған тарихи-мәдени мұраларды насихаттау мақсатында жүргізілді. Бұл шараға Қызылордадағы «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері, «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының мүшелері және тарихшылар мен музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сыр өңіріндегі Сығанақ қалашығы «ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында республикалық «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енген. Көне шаһарға саяхат жасаған жастар тарихшы мамандардан Ұлы Жібек жолы бойындағы Сығанақ қаласы туралы көптеген мәліметтер алды.
«Сығанақ өз заманында гүлденген қала болған. Бұл шаһардың халқы да көп болған. Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр аңыздар» атты еңбегінде: «Қала базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар 500 түйе етінен жасалған кәуап, 1000 қой еті, 1500 сиыр еті сатылып кетіп отырған», - деп жазған. Сығанақ – қыпшақ хандарының құрылтай өткізіп, кеңес құратын орталығына айналған. Ұлы Жібек жолының бойындағы сәулетті қала Қыпшақ даласының қақпасы атанған. Көптеген жау шапқыншылығы орын алса да, қаланың дамуы жақсы деңгейде болды. 1219 жылы Сығанақ қаласына моңғолдар шапқыншылық жасап, қала халқы 7 күн бойы берілмейді. Алайда, Жошы хан әскерімен қаланы басып алып, күл-талқанын шығарды. ХІІІ ғасырда Сығанақ қайта жанданып, Сыр бойындағы саяси және экономикалық орталыққа айналады. Дегенмен, жан-жақтан басып алушылардың салдарынан қала біржола құлдырады», - деп құм басқан қаланың тарихы жайлы Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының экскурсия жетекшісі Бақдаулет Хайруллаұлы баяндап берді.
Мемлекеттің қорғауындағы тарихи орынға 2003 жылдан бері зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Экспедицияға қатысушылар көне қалаға жасалған сапардан ерекше әсер алғандарын жеткізді.
«Сығанақ қаласының орнын аралай отырып, өз дәуірінде өркениетке ұмтылған халық жайлы хабардар болдық. Мұнда үлкен кітапхананың болғаны да соны аңғартса керек. Талай ғұлама шыққан қала туралы, бүгінде тарихқа айналған сол дәуірдің тыныс-тіршілігі туралы біршама мәліметтерге қанықтық», - деді қатысушылар.
-
Жуткая трагедия: Астанчанин выбросил из окна племянника, зарезал тещу и спрыгнул сам06.02.2023, 22:19Казахстанский тиктокер покоряет мир06.02.2023, 09:41В Казахстане стартовало льготное автокредитование06.02.2023, 10:09В Турции от мощного землетрясения разрушились дома06.02.2023, 08:557-летнего ребенка спасли из-под завалов в турецком Диярбакыре06.02.2023, 15:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями06.02.2023, 10:51
-
07:41Женщина продала своих детей в Атырауской области07:15Землетрясения в Турции и Сирии: Погибло более 3 тыс человек06:37Шымкентский учитель разработал шахматную азбуку для детей06:00Прогноз погоды в Казахстане на 7 февраля05:05Мақпал Жүнісова танымал журналистің анасына ерекше сыйлық тарту етті03:37Мясо птицы запретили накачивать водой в Казахстане02:27В Актобе финансовая пирамида работала под видом автоломбарда01:14«Играет на равных с мужчинами»: Женщина-кокпаршы живет в Туркестанской области00:192-х летний мальчик проглотил магнитные шарики – он в реанимации