Қызылорда облысында газ турбиналық электр станциясы іске қосылды
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов Батыс Тұзкөл кен орнында орналасқан, жалпы қуаты 16,5 МВт құрайтын электр станциясының ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, шарада жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан компаниялардың өкілдері марапатталды.

Батыс Тұзкөл кен орнындағы газ турбиналық электр станциясына тапсырыс беруші мекеме «Тузколь Мунай Газ Оперейтинг» ЖШС мен «Петро Казахстан инк» компаниялары. Бас мердігер «Транс Азия Констракшн» ЖШС мекемесі. Электр станцияның құрылысы 2018 жылдың 5 желтоқсанында басталған. Газ турбиналы электростанциясының жиынтық қуаты 16,5 МВт.
Аймақ басшысы барша сала мамандарын жаңа жобаның жүзеге асырылуымен құттықтап, осы ірі жобаны жүзеге асырушыларды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
«Мұнайдың өндіріле бастағанына ғасырдан астам уақыт болды. Ал, қара алтынды өндіру, игеру Сыр өңірінде қолға алынғанына ширек ғасырдан асты. Осы мерзім ішінде аймағымызда мұнайды игерумен оннан аса шетелдік компания айналысып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті мыңдаған тұрғынға жұмыс көзі болып отыр. Мұның сыртында қаншама сервистік компаниялар оларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ,облыс тайқазанына түсетін салық көлемінің артуына да үлесін тигізді. Осылайша, «қара алтыннан» түсетін қыруар қаржы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, бір ғана Қызылорда қаласы соңғы жылдары көркейіп, өзгерді. Компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі негізінде атқарылып жатқан істер мақтауға тұрарлық», - деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы кен орнындағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, жатын орын, асхана, өрт сөндіру депосын аралап көрді.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации03.02.2023, 03:00
-
07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты06:00Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля05:05Роналду забил первый гол в Саудовской Аравии03:33Алматинцы пытаются узаконить угнанные автомобили02:37В судах Алматинской области искали бомбы01:20Посещение кафе и ресторанов обходится все дороже - уже плюс 40%00:10Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе