среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Сыр өңірінде сазгерлер байқауы өтті

Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде «Әнге айналған – туған жер!» атты облыстық сазгерлер байқауы өтті. Аталған байқау ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Байқау жергілікті сазгер, ұлағатты ұстаз-педагог Балымбетов Тайып Құрманұлының 60 жасқа толу мерейтойына орай өткізілді. Байқауға 22 үміткер қатысты. Қатысушылардың өнеріне композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, композитор, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәбит Ұлықпанұлы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының музыка бөлімінің меңгерушісі Бағдагүл Есмұрзаева қазылық жасады.

Сазгерлер байқауының нәтижесі бойынша бас жүлде Ғайния Дауылбаевға берілді. Ал, І орынға Бектұрған Жібекәлі ие болды. Жүлделі ІІ орын   Ерниязов Үкітай мен Төлеу Серікке берілді. ІІІ орынды Қошық Марат, Серік Отаралиев пен Нариман Мизамбаев иеленді.

Шара барысында «Өрісті өнер – өнегелі өмір» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кеш кейіпкерінің өмірі, жетістіктері, естелік суреттері қойылды. Одан әрі Тайып Құрманұлының «Жан сырласым сазды әнім» кітабының тұсаукесері өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0