четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылордада жаңа үйлер бой көтереді

Қызылорда қаласында соңғы 6 жыл ішінде жаңа әлеуметтік нысандар, шағын аудандар бой көтеруде. Осы уақыт аралығында 7 мыңнан астам тұрғын баспаналы болды. Биылдан бастап Қызылордадағы үйлер қатары тағы да артады.

Қызылорда облыстық экономика басқармасының мәліметінше мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 21 үйдің (860 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде құрылысы 2019 жылы басталған 5 тұрғын үй, Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 4 тұрғын үй және Шиелі кентіндегі 18 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы бар. Сонымен қатар, 2020 жылы салынып басталған сол жағалаудағы 600 пәтерлі 12 үй, Шиелі ауданындағы 18 пәтерлі 4 үй іске асырылмақ.

Айта кету керек, жаңа жыл қарсаңында жаңа қонысқа ие болған тұрғындардың қатарында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үйлі болған тұрғындарға пәтер кілттерін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов табыстаған болатын. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 14 мың 260 шаршы метр. Жалпы құны шамамен 2,3 млрд теңгені құрайды.

«Ағымдағы жылдан бастап Сырдария өзенінің сол жағалауында 13 несиелік тұрғын үйлер құрылысын іске асыру жоспарланды. 590 пәтерден тұратын баспана «Нұрлы жер», «Өз үйім» бағдарламалары арқылы беріледі. Оған қоса жақында «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарламаға көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Қызылорда қаласынан бөлек аудандарға да жаңа үйлер салу жоспарлануда», — дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі Оңалбай Ислам.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0