пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Кызылорда облысының аудандары егiн маусымына дайындалуда

Қызылорда облысының Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша оңтайлы өзгерістер бар. Бұл туралы Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұрат Әшірбеков арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында баяндап берді.

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қабылданған тиісті шаралар нәтижесінде аудандағы ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму үстінде. Аталған бағдарлама аясында жыл сайын аграрлық саланы дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Бұл өз кезегінде  сала бойынша белгіленген негізгі индикаторлардың жүзеге асуына септігін тигізіп отыр. Шиелі ауданында былтыр ауыл шаруашылығы саласы бойынша 25 785,8 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өнімділік көрсеткіші 103,4%-ға артты. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 875 млн 570 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 102,0%-ға орындалды», — деді бөлім басшысы.

2020 жылы аудан бойынша 29 151 гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 100 гектар күздік бидай, 330 гектар жаздық бидай, 75 гектар тары өнімі, майлы дақылдардан 1 100 гектар мақсары, 70 гектар соя егіледі.  Сонымен қатар, 3025 гектар жаңа жоңышқа, 5 448 гектар ескі жоңышқа, мал жемдік өнімдер мен көкөністер, бақша дақылдары егілетіні жайлы айтылды.  Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнім импортын азайту мақсатында биыл дәнді дақылдар үлесін 1 700 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 4 897 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Ал, Сырдың негізгі дақылы күріштің үлесі биыл 13 000 гектар болады деп күтілуде.

Сорт жаңарту мақсатында жыл сайын Краснодар өлкесінен күріштің лидер, янтарь атты түрлері әкелінеді. Аудан бойынша биылғы күріш алқабы 100% жоғары репродукциялы тұқыммен себіледі деп жоспарланды.  2020 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес ауылшарушылығы дақылдарын өсіру жұмыстарына қажетті орташа болжамдық қаржы көлемі 1 млрд 565 млн теңгені құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы белгіленді. Биылғы ерте көктемде егілетін дақылдарды егу жұмыстары 5 наурыздан бастау алса, күріш егу 25 сәуірден бастап жүзеге асырылатын болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0