воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қызылордалық мемлекеттік қызметкерлер арасында көп балалы аналар бар

Қызылорда облысында мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін азаматтардың біліктілігін арттыру мақсатында білім алу мүмкіндіктері қарастырылып келеді. Осы орайда гендерлік саясат тақырыбына да ерекше мән берілуде. Себебі, облыста еңбек ететін 3 540 мемлекеттік қызметкердің 1 623-і әйелдер қауымы. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Нұрман Талқанбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Заң жүзінде мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне байланысты қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. Бүгінде басшылық лауазымда 366 әйел болса, оның ішінде 235 көп балалы ана мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Тарқатып айтсақ, аймақтағы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің 176-сы төрт баланың, 66-сы бес баланың анасы болып табылады. Сонымен қатар, қызметтегі азаматшалар арасында алты бала және одан да көп бала тәрбиелеп отырған, «Батыр ана» атағын алғандары да бар. Мәселен, Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Айгүл Қозбақова сегіз баланың анасы.  Ал, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінің бас маманы,  «Алтын алқа» иегері Ақмарал Мыханова  жеті бала тәрбиелеп отыр», — деп атап өтті Нұрман Бақбергенұлы.

Осы орайда мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясатты іске асырудың тұжырымдамасы», «Гендерлік және жастар саясатының іске асырылуы», «Отбасы және гендерлік саясат: өңірлік аспект» тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметкерге арналған семинарлар мен қайта даярлау курстары жүргізілетіндігін айта кету керек.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0