воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«SMART QYZYLORDA» мобильдік қосымшасы тұрғындардың игілігіне айналып үлгерді

Таяуда іске қосылған «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы  қала тұрғындары мен қонақтарына әр түрлі сала бойынша ұсынылатын қызметтерді  біртұтас біріктірілген ақпараттық жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған қосымшаны «Google Play» және «App Store» арқылы жүктеп алуға болады.

Бірнеше бөлімнен тұратын мобильдік қосымшада әкімшілік айыппұлдарды іздеу, учаскелік полиция, әлеуметтік төлемдердің мәртебесін тексеру, салық берешегін тексеру секілді қалалық қызметтер бар. Сонымен қатар, қаладағы денсаулық сақтау ұйымдары туралы ақпарат алуға болады. Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді шақыру қызметін де осы қосымша арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған.

Мобильдік қосымшада  білім беру саласына қатысты мәліметтер де табылады. Мұнда мектептер, балабақшалар, университеттер мен колледждер туралы ақпараттар,  үйірмелер мен секциялардың кестесі қамтылған.
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығымен байланысты мәліметтер де бар.  Сондай-ақ, көлік, әуежай, темір жол тасымалы, авиабилеттер мен темір жол билеттерін сатып алу қызметін қолдануға болады.  Оған қоса, туризм саласы бойынша аймақтың демалыс орындары, көрнекті жерлері туралы ақпарат алуға болады.

Бағдат Қадырбеков, жас ғалым:

«Қаламызға қажетті дүниенің барлығын бір жерге тоғыстырған бұл қосымшаның пайдасы көп. Өйткені, мұнда әр санаттағы тұрғынға қажетті ақпарат көзі бар. Мәселен, осы қосымша арқылы уақытымызды үнемдеп, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Білім беру саласына қатысты мекемелер туралы да көптеген мәлімет бар».

Абылай Тобашев, студент:

«SMART QYZYLORDA мобильдік қосымшасы бойынша смартфон арқылы бірқатар жұмысты орындауға болады. Мәселен, қаламызда болатын іс-шаралар, мәдени шаралар, жаңа кинотуындылар туралы жаңалықтарды осы қосымшадан көріп отырамын. Қажет кезде мейрамханалар жайлы мәліметтерді де осы жерден таба аламын. Билет іздеген жағдайда да «SMART QYZYLORDA» қосымшасының көмегі тиіп жүр. Қолданылуы өте ыңғайлы».
«SMART QYZYLORDA» мобильдік қосымшасы арқылы «Қазпошта»  трекингін тексеру, бос жұмыс орындарын іздеу тәрізді коммерциялық қызмет түрлерін қолдану мүмкіндігі бар екенін де айта кету керек. Бұл қосымшаның «Менің төлемдерім» бөлімі бойынша «Қазақтелеком» телекоммуникациялық қызметтерінің ақысын төлеуге болады.  Күнделікті жаңалықтар мен оқиғалар жайлы ақпараттар да аталған мобильдік қосымшадан табылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0