суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қызылорда облысында әлеуметтік дүкен іске қосылды

Қызылорда облысында жұмыс істейтін әлеуметтік дүкендердің тізімі тағы бір дүкенмен толықты. Ол Қазалы ауданында ашылды. Дүкеннің атауы — «Рахмет».

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат бойынша, дүкеннің негізгі мақсаты — ауданымыздағы мейірімді жандарынан келіп түскен киімдер мен тұрмыстық заттарды тұрмысы төмен отбасыларының балаларына табыстау. Дүкен Әйтеке би кенті әкімі аппараты ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Ол дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, бұдан бөлек «Birgemiz»: «Qamqor» жобасы аясында Арықбалық, Құмжиек ауылдық округтерінде тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашылып, жұмыс жасауда. Халық үшін тиімділігі мол мұндай игілікті жұмыстар алдағы уақытта да басқа да ауылдық округтерде ашылмақ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0