четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
-0oC
1xadv
×

Қызылордада әлеуметтік орындардағы сақтық шаралары күшейтілді

Қызылордадағы әлеуметтік орындарда коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты сақтық шаралары жүргізіліп келеді. Осы орайда аймақтағы халық көп шоғырланатын жерлерде санитарлық жұмыстар күнделікті жасалуда. Жергілікті мешіттерде тазалық жұмыстары жасалып, имамдар тарапынан сақтық шараларына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандары да тазалық жұмысын қолға алды. Бір күнде 800-ден аса азаматқа қызмет көрсететін орталықта күніне үш мезгіл тазалау жұмысы жүргізіледі. Орталық мамандары тұрғындарға интернет-порталдары, мобильдік қосымшалар арқылы онлайн қызмет түрлерін таңдауға кеңес береді.

Бүгінде Қызылордадағы қоғамдық көліктердің тазалық жағдайына ерекше мән беріліп келеді. Осыған сәйкес «Қызылорда тазалығы» ЖШС дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері ыстық және суық тұман технологиясын қолдана отырып, автобустарға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жұмысы әр ауысым сайын жүзеге асырылып келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0