Қызылорда облысының 200 мыңнан астам тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш берді. Алайда, бұл соманы шамамен 99 мың адам алды. Бұл туралы Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Басқарма басшысы айтуынша, берілген 200 мыңнан астам өтініштердің 97 мыңдайы деректің дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылды. Шынымен табысын жоғалтқандарға жәрдемақы төлеу үшін 4 млрд 185 млн теңге бөлінді.