пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Қызылорда облысында күнделікті әлеуметтік дүкендерде мониторинг жүргізелуде

Әлеуметтік дүкендердегі өнімдер нарықтан төмен бағада сатылатындықтан қала тұрғындарынан сұраныс жоғары және дүкен аумағында сақтау қоймасының болмауына байланысты дүкендерге өнімдер күнделікті түрде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы тарапынан автокөлікпен бірнеше рет тасымалдап жеткізуде. Қазіргі таңда облыс орталығында 28 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, әлеуметтік дүкендерде өнімдердің бір тұтынушыға сатылу мөлшеріне шектеу қойылған.

«Бекітілген кестеге сәйкес тұрақтандыру қорындағы өнімдер аудан орталықтарына жеткізіліп, нарық бағасынан төмен бағада ұсынылуда. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы әріптестері «Мирас», «Ажар» сауда үйлері өздерінің және басқа да сауда үйлерінде көкөніс өнімдері мен басқада өнімдерді төмен бағада сатуды ұйымдастырып отыр. Бұл да өз кезегінде нарықтағы бағаның төмен болуына септігін тигізуде», — атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.
Әлеуметтік дүкендер қызметін үйлестіру «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы арқылы жүзеге асырылатындықтан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, күнделікті әлеуметтік дүкендерге мониторинг жүргізіп отырады.

Жыл соңына дейін қосымша 34 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда.

Облыс орталығында орналасқан әлеуметтік дүкендердің орналасу орны келесідей ұсынылады:

1. КБИ шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі

2. «Универсам» мөлтек ауданы

3. Ескі базардағы (Пилот дүкені жаны)

4. Назарбаев көшесі, («S’mall» СҮ қарама қарсы);

5. Астана шағын ауданы, Қараша көшесі

6. Арай-2 мөлтек ауданы

7. 3-і іріленген квартал, (Ескі базар (Пилот дүкені жаны)

8. Тасбөгет кенті, Бозғұлов көшесі, нөмірсіз, (Балалар ауруханасы жаны);

9. Тасбөгет кенті, Сейтпенбетов көшесі, нөмірсіз (№272 мектеп жаны);

10. Эдельвейс саяжайы, тұңғыш президент атындағы паркке қарама-қарсы)

11. Торайғыров көшесі, (Ақмаржан ауданы);

12. Мерей мөлтек ауданындағы дүкен (Сырдария сауда үйі жаны)

13. Төле би көшесіндегі (ГОВД жанында)

14. Амангелді көшесі, нөмірсіз (Жанар клиникасы жаны);

15. Жұмабаев көшесі, нөмірсіз («Шанхай» шағын ауданы, 212 мектеп жаны);

16. Байтерек шағын ауданы

17. Құлагер шағын ауданы

18. Саяхат шағын ауданы, А.Айдосов көшесі

19. Наурыз шағын ауданы Б.Жөнбаев көшесі

20. Белкөл кенті

21. Қызылжарма ауылы, Батырбаев көшесі

22. С.Лапин көшесі, нөмірсіз (Шанхай ауданы)

23. Абай көшесі, нөмірсіз (Салық басқармасы жаны)

24. Байтерек шағын ауданы

25. Қасымхан көшесі нөмірсіз, 264 мектеп жаны

26. «Универсам» мөлтек ауданы

27. «Арай» шағын ауданы, А.Муслимов көшесі

28. Қараөзек ауылы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0