понедельник, 8 сентября 2025 г.
icon
537.91
icon
628.87
icon
6.6
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
12oC
×

Дала күні-2020: Гүлшара Әбдіқалықова жаппай күріш егу науқанын бастады

Қызылорда облысының әкімі Сырдария ауданында ұйымдастырылған «Дала күні» шарасына қатысты. Онда Гүлшара Әбдіқалықова алқапқа алғашқы дән сеуіп, жаппай күріш егу науқанын бастады.

Биыл облыста 183,1 мың гектар алқапқа егiн егіледі. Тең жартысы басты брендтік өнім — Сыр маржанына тиесілі. Ал басқа дәндi дақылдар 9,8 мың, майлы дақылдар 6 мың, мал азықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары 17,7 мың гектарға орналастырылады.

Көктемгі дала жұмыстарының уақытылы басталып, сапалы жүргізілуіне тиісті шаралар қабылданған. Облыс дикандары минералды тыңайтқыш және тұқыммен қамтамасыз етілуде. 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізілді.

Соңғы жылдары өңірге 26 млрд теңгенің 1070 ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0