воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Қызылода обласында Ұлы Отан соғысының ардагерлердің әрқайсысына 1 млн теңгеден астам берілді

Бүгін Сыр елінде 16 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Майдангерлердің әрқайсысына 1 млн 111 мың теңге берілді. Сонымен қатар, 4 319 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге 437 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook-те жазды.

Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

«Құрметті жерлестер! Бүгін елімізде Отан қорғаушы күні атап өтілуде. Бұл мереке біз үшін қасиетті мереке! Бұрындары бұл күнді алаңдарда, мәдени ғимараттарда концерттер беріп, жауынгер ескерткіштерінің алдында гүл шоқтарын қойып, барша халық мерекелейтін. Өкінішке қарай, биыл пандемия салдарынан бұрынғыша атап өтуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, қоғам арасында, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, этнос өкілдері онлайн түрде ықыластарын білдіруде. Сонымен қатар, «Жасампаз жасақ» челленджі де қолдау тауып, жалғасуда. Білесіздер, елімізде төтенше жағдай режимі сақталуда. Бұл жағдай бізге кең тыныс алуға мүмкіндік бермей отыр. Біріншіден, біз баршамыз жұмысымызды сағындық. Өйткені, іспен айналысып, еңбек еткіміз келеді. Бұл түсінікті, себебі адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Әрине, бәріміздің де далаға шығып, серуендігіміз келеді. Мен Сіздердің сезімдеріңізді түсінемін. Бірақ, шыдамдылық танытуымыз қажет. Бүгінгі күні төтенше жағдай талаптарын орындап жүрген баршаңызға тағы да алғысымды айтамын. Алайда, әлі де болса сақтануымыз керек. Сіз сақтана білсеңіз, онда өзіңізге ғана емес, отбасыңызға да, барша халыққа да көмегіңіз тиеді. Бірақ, кейбір жерлестеріміз бұл аурудың қауіптілігін әлі күнге түсінбейді...», —  жазды Гүлшара Әбдіқалықова.

Әкім жазғандай, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл. Кезінде қалың жауға тайсалмай тойтарыс берген Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа, Есет, Бұқарбай, Сартай сынды дарабоз батырлардың көзсіз ерліктерін ұрпағы жалғастырып, фашистік басқыншыларға қайсарлықпен қарсы тұра білді. Отан Қорғаушы күні мен Жеңіс күнін қатар атап жүріде. Өйткені, бұл мерекелер рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпақтар сабақтастығына ұласқан мерекелер. Әрбір отбасында сұрапыл соғысқа қатысып, елі мен жерін, ұрпағының бейбіт өмірін қорғаған өз батырлары бар.

«Бұл мереке мен үшін де қымбат. Менің әкем Науша Әбдіқалықов та Отан үшін қан төккен майдангер. Ел Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Әлемде бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан ардагерлер назардан тыс қалмайды». Біздің елде «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды»! Өнегелі ғұмыр сүріп, бейбітшілік, болашақ үшін қан мен тер төккен ардагерлеріміз жасай берсін! Еліміздің айбынын асқақтатар жауынгерлеріміз аман болсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Біз Біргеміз!», — деді облыс әкімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0