воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Г. Әбдіқалықова: «4 319 Ұлы Отан cоғысының ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуде»

Бүгін Қызылорда облысының әкімі сырбойылықтарды Жеңіс Күнімен құттықтады. Әкімнің айтуынша, Майдан даласында 150 мың сырбойылық азаматтар қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Олардың 30 мыңнан астамы елге оралмады. Десекте, облыстан 22 Кеңес Одағының Батыры, 1 Даңқ орденінің толық кавалері шығып, 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгер орден, медальдармен марапатталды.

«Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді 9 мамыр мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жеңіс – аға Гүлшара Әбдіқалықова ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Батырларымыздың бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды. Бұл мереке – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Әкімнің айтуынша, мерекеге орай, 16 соғыс ардагеріне 1 млн 111 мың теңгеден төленуде. Сондай-ақ, 4 319 Ұлы Отан cоғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуде.

«Қарт жауынгерлерімізді ардақтау бағытындағы жұмыстарымыз жалғаса бермек. Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері! Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Біз «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды», – деген ұранды ұстанған елміз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбастарыңызға амандық тілеймін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын!», — тіледі аймақ басшысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0