Қызылорда облысының ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетілеуде

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 16-ы ардагері бар. Оның ішінде, жетеуі- Ұлы отан соғысының мүгедегі, тоғызы- қатысушысы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Қызылорда облысының ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетілеуде

Биыл Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекесін ұйымдастыру жаңа форматта бекітіліп, мәдени, әскери-патриоттық байқаулар мен көрмелер онлайн режимде өткізіледі.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Оның ішінде, қатысушылар мен мүгедектеріне, тылда қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі және кемінде алты ай жұмыс істеген азаматтарға, екінші рет некеге құрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне әлеуметтік төлем төленді. Сондай-ақ, ардагерлерге дәстүрлі азық-түлік себеттері ұсынылады», — деді Талғат Тұрсынұлы.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы айтауынша, ардагерлер кеңесі облыс орталығында тұрып жатқан соғыс ардагерлерінің үйіне барып, арнайы құттықтап, сый-сияпатын көрсетті. Бұған қоса, мерекелік медальдарды облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, ардагерлерге табыстады.

Loading...

10 июля, пятница