воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Сыр елінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бақылауда

Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап тоғыз түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағалары бекітілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz

«Облыстағы 3 784 дүкенге шекті баға бекітіліп, хабарлама берілді. Сондай-ақ, 2 810 азық-түлік дүкеніндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты. Мұнан өзге, «Магнум» гипермаркетіндегі тұз бағасына қатысты бақылау жүргізіліп, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу салынып, әкімшілік жаза қолданды. Нәтижесінде тұз бағасы шекті бағаға сәйкестендірілді», — деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Өз сөзінде сала басшысы «Ажар» супермаркетіндегі өсімдік майының бағасына профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізілетінін айтты.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы мемлекетік бақылауда болады.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0