Қызылорда облысында түлектерге арналған кәсіби бағдар беруге арналған вебинар өткізілді

Нарық қажеттілігін ескеріп, мамандық таңдау маңызды. Осы себепті Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен мектеп бітіруші 9, 11 сынып түлектерге арналған кәсіби бағдар беруге арналған вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты — мектеп бітіруші түлектерге өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы қазіргі таңдағы даярланып жатқан мамандықтар туралы ақпарат беру.

Қызылорда облысында түлектерге арналған кәсіби бағдар беруге арналған вебинар өткізілді

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің мамандары оқушыларға колледж базасындағы мамандықтармен таныстырып, құжат тапсыру жолдарымен, жатақанаға орналасу, әлеуметік көмектер турасында ой бөлісті.

Онлайн вебинарға аудан, қала, ауыл мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, мектеп бітіруші 9,11 сынып түлектері және бітіруші түлектердің ата-аналары қатысты.

Оқушылардың сауалдарына жауап беріліп, мамандықтардың ерекшеліктері айтылды.

Loading...

27 мая, среда