понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызылорда облысында 452 тұрақты жұмыс орны ашылады

Президент тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданып, аймақтарда оны жүзеге асыру амалдары нақтыланды. Осы орайда Қызылорда облысы да осы бағытта жұмыс жасауда. «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында 276 инфрақұрылымдық жаңа жоба іске асады деп күтілуде. Ол үшін өңірде 36 957 млн теңге көлемінде қаржы қаралған. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 9299 жұмыс орындары ашылып, оның 452 тұрақты жұмыс орны ретінде құрылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

276 инфрақұрылымдық жобаның 125-і әлеуметтік-мәдениет саласында, 42 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-транспорттық салада-62, абаттандыру бойынша- 47 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда.
Бүгінгі күнге дейін 175 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігер мекемелері анықталған. Ал, 25 жоба бойынша келісім шарт жасалып, 74 адам жұмыспен қамтылған.
Жол картаның негізгі талаптарының бірі - инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда алдымен жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген азаматтар (50%) бірінші кезекте жұмысқа орналастырылады.
Сондай-ақ, жұмысқа қабалданған азаматтардың орташа жалақысы экологиялық үстеме ақысын есепке алмағанда ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері көлемінде білгілену керек. Айта кетейік, жоба аясында жұмыссыз жастарға, оның ішінде денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға студенттерді тарту шаралары да қарастырылған.
Инфрақұрылымдық жобалар аясында 26 нысан салынады. Олардың арасында 2 мектеп (Арал ауданының Сексеуіл кенті, Қызылорда қаласы), 2 ауылдық клуб (Қазалы ауданының Ақсуат, Шиелі ауданының Жи­деліарық ауылдық округтері), мұражай (Шиелі ауданы) мен филармония (Қызылорда қаласы), 8 тренажерлық стритбол ауласы, байдарка мен каноэ базасы (Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандары) бар.
Сонымен қатар, Тереңөзекте 18 пәтерлік екі үйдің құрылысы жүргізіледі. Облыс орталығы мен Қазалыда су және кәріз жүйесі нысандары салынады. Ал Қазалы, Шиелі аудандарын газдандыру жұмысы жалғасады. Қызылорданың Шанхай, Титов, Гагарин, КБИ, әл-Фараби бөліктерінде инфрақұрылым желілері жүргізілуі тиіс.
24 нысан қайта жаңғыртылып, 41 нысан толық жөнделеді деп күтіліп отыр. Коммуналдық нысандар ағымдағы жөндеуден өткізіліп, бірқатар көше мен елді мекеннің кіреберістері абаттандырылады. 23 көшеге жарық шамдарын орнату, 70 аялдама, 34 ойын алаңын орнату жоспарланған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0