понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Үздік ауыл әкімі» байқауы өтеді

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамда көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға аса мән берілген. 100 нақты қадамның алғашқы тармақтарында  лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс делінген. Осы орайда  республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауы өтеді.

«Үздік ауыл әкімі» байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Аталған байқау 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айларында жүргізіледі.

Бұл конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызмет бойынша әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, әрі алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдері қатыса алады. Конкурсқа қатысу құжаттары 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады. Байқау талаптары туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0