Бүгін қасиетті Қадір түнінің қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың атынан 200 отбасыға «Ауызашар қоржыны» таратылды. Айта кетейік, берекелі ай басталғалы бері аталмыш акция аясында жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 1 600 отбасыға азық-түлік салынған «рамазан қоржындары» үлестірілді.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне өңірімізде ұйымдастырылып жатқан «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасына аймақ басшысы да өз үлесін қосты.