Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Сырдария ауданымен жалғасты.
Өңір басшысы Тереңөзек кентіндегі жаңа 18 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын және жаңа шағын ауданның инфрақұрылымын тексерді. Бұл жерде электр желілері толық жүргізілген. Газ құбыры мен ауыз су желілерін салу бойынша жұмыстар басталды.
Облыс әкімі инфрақұрылым желілерін толық жүргізіп,уақытылы тапсыруды жүктеді.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өтті.
Облыс әкімі осы жылдың 4 айында атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірнеше салада көрсеткіштердің төмендегенін айтты.
«Мәліметтерге сәйкес, Сырдария аудан бойынша бірқатар көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген. Атап айтқанда, ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция – 6,9 %, құрылыс жұмыстарының көлемі – 19,2 % азайған», — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.