Әбдіқалықова денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Ақ халатты абзал жандар халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нақ көрінісін көрсетуде. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсыру кезінде айтты.

Әбдіқалықова денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін дәрігерлер құрметке ие болды. Облыс әкімі айтауынша, биылғы жылы Елорда күнін мерекелеу коронавирус пандемиясына байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында өтуде.

Марапаттарға ие болғандардың ішінде: облыстық аурухананың директоры Н. Әмитов («Парасат» орденімен марапатталады), облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Ә. Әбләзім, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері М. Әлмаханова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері Р. Нұрымбетова («Құрмет» орденімен марапатталады), облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері З. Айдарбекова, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының дәрігері Ж. Жұмалиев, облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Д. Нұртазаева, көпбейінді облыстық аурухананың дәрігері Г. Ысқақова («Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады), көпбейінді облыстық ауруханасының дәрігері Ж. Жақыпова, Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бөлімше меңгерушісі А. Дайрабаева, Шиелі ауданаралық ауруханасының дәрігері А. Ізтілеуова («Шапағат» медалімен марапатталады), көпбейінді қалалық аурухананың аға мейіргері Н. Мамбекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері Т. Нұржанова, көпбейінді облыстық аурухананың аға мейіргері С. Өтегенова, Арал ауданаралық ауруханасының бас мейіргері Ж. Қалмағамбетова Қазақстан (Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталады).

«Коронавирус індетімен күресте еліміздегі дәрігерлердің көмегімен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын ерекше айтқым келеді. Ақ халатты абзал жандар халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нақ көрінісін көрсетуде», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Loading...