Сырдың ауылшаруашылық өнімдері экспортқа шығарылуда

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек  Нұрымбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында аймақтағы ауыл шаруашылығы жайлы мәлімдеді. Атап айтқанда, биыл облыстың агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес аграрлық секторға 12,8 млрд теңге бөлінді. Өңірде 184 739 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

Сырдың ауылшаруашылық өнімдері экспортқа шығарылуда

«Дәнді дақылдар өткен жылы 97,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар 60,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілді. Ал, биылғы егін егу көрсеткіші бойынша дәнді дақылдар 1 736 гектарға, мал азықтық дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артты. Сонымен қатар, аймақта егістікті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін жеткізілді. Оған қоса, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар аграрлы жерге күздік бидай дақылы егілді», — деді Сейілбек Нұрымбетов.

Бүгінде Қызылорда облысында ауылшаруашылығы бойынша бес түрлі өнім 12 мемлекетке эскпортталу үстінде. Соның ішінде Сырдың қарбыз-қауыны мен көкөніс өнімдері Ресейге жіберілуде.

Loading...

4 августа, вторник