суббота, 19 апреля 2025 г.
icon
521.9
icon
593.5
icon
6.39
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
5oC
×

Қызылордалық полиция қызметкерлері тұрғындарға бетперде таратты

Қоғамдық орындарда бетперде тақпай, карантин талаптарын бұзған тұрғындарға қызылордалық полиция қызметкерлері маска таратуды қолға алды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға айыппұл салудан бұрын түсіндірме жүргізіп, тегін бетперделер ұсынды. Осы орайда жергілікті «Dalatex» тігін фабрикасының қолдауымен облыстық полиция басқармасы қала әкімдігімен бірлесе отырып қала жұртына 3000 бетперде таратты. Бұл шараға қалалық жастар ортылығының еріктілері де белсене атсалысты.

Әлемдік пандемиямен күрес жүргізуде дәрігерлермен қатар полиция қызметкерлерінің аяғынан тік тұрып еңбек етіп келе жатқаны белгілі. Сыр тәртіп сақшыларының қолдауына тұрғындар ерекше алғыстарын білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0