воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылорда облысының алдағы бесжылдыққа арналған даму бағдарламасы әзірленуде

2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарлама аясында Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, елді мекендерді газдандыру мен инженерлік желілерді жаңғыртуға, тұрғын үй кезегі сынды өзекті мәселелерді шешуге басымдық беріледі.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарларға байланысты өткен брифинг барысында тарқатылып айтылды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай аймақта осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

«Бес жылдық бағдарлама аясында өңірдегі экологиялық мәселелердің, мұнай-кен орындарының сарқылуына байланысты шешу жолдары қарастырылады. Президент Жолдауында «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасының әрі қарай жалғасатыны айтылды. Осыған орай, биыл аймақтағы 8 елді мекенде 52 жоба жүзеге асырылуда. Оған 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді», — деді Нұрғали Рахымшаұлы.

Дағдарыстан шығу және аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары бекітілді. Бұл жоспарда экономиканың бірнеше саласы бойынша 265 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.   

«2020 жылы аталған жоспар шеңберінде жалпы сомасы 26 млрд. теңгені құрайтын 108 жобаны іске асыру алға қойылды. Осыған орай өңірдегі азық-түлік өндірісін, ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, мал шаруашылығын дамыту қолға алынды. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 39, құрылыс материалдарын шығару бойынша 5, қызмет көрсетуде 2, азық-түлік тауарларын өндіруде 9, азық-түлік емес тауарларын өндіру бағытында 3 жоба іске қосылды», — деді сала басшысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0